ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ АППАРАТТАР АЛЫНДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ АППАРАТТАР АЛЫНДЫ

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимовтың ұйымдастыруымен «Абай» Келес аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК-ның зертхана бөліміне және ауылдық аймақта орналасқан емдеу мекемесіне соңғы үлгідегі автоматтандырылған анализаторлар алынды.
«Ақтөбе» ауылдық округінде, 12 мыңнан аса халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған «Ақтөбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына зертхана қызметін қолжетімді ету мақсатында 2 дана автоматтандырылған соңғы үлгідегі анализаторлар қойылды. Ақтөбе БМСККО- ға қойылған анализаторлар жақын маңда орналасқан «Бозсу», «Қаратөбе», «Көкпулақ», «Аманат», «Жүзімдік» ДЕ-лерге қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ «Қошқар ата» ауылдық округіне қарасты Қошқар ата дәрігерлік емханасына 1-автоматтандырылған соңғы үлгідегі анализатор қойылды. Ол өз кезегінде Бесқұбыр БМСККО мекемесініңде зерттеулерін қоса анализдерді жасауға мүмкіндік береді.
«Абай» Келес аудандық ауруханасында орналасқан орталықтандырылған зертхана бөліміне соңғы үлгідегі 3 дана автоматтандырылған (Гематологиялық анализатор, автоматтандырылған биохимиялық анализатор, автоматтандырылған коагулометр) алынды. Қазіргі таңда орталықтандырылған Абай зертханасында ауыл халқын скринингтік анализдері толық осы аппараттарда науқастарға зертханалық тексерулер жүргізілуде.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

В Шымкенте реализуют масштабный инвестиционный проект по расширению производства АО «Химфарм» (торговая марка — «Polpharma Santo»). Соответствующее инвестиционное соглашение одобрило ...

Польшаның ірі кәсіпкерлерінің бірі Шымкентте фармацевтикалық зауыт салады

Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның («Polpharma Santo» сауда белгісі) өндірісін кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан ...