ҰҚК тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған бір топ адамды ұстады — Xnews — ақпарат агенттігі

ҰҚК тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған бір топ адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті, — деп хабарлайды Xnews ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталған. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.

«Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, азаматтық нысандарға қару мен тұтандырғыш заттарды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды.

Топтың әрбір мүшесінің ролі нақты бөлінген, қылмыстық жоспар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесу барысында талқыланған», — делінген хабарламада.

Топ мүшелері «бөтелке лақтырғыш» деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен «Молотов коктейльдерін» лақтырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көзін құртуды жоспарлаған.

Жасырын орындар ұйымдастырылып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар — Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтықтығы бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар, рациялар сақталған.

Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

x

Check Also

Выступление Главы государства на Х Курултае международного общества «Қазақ тілі»

Уважаемые участники! Дорогие друзья! Приветствую вас на Х Курултае международного общества «Қазақ тілі». Сегодняшнее мероприятие имеет особую значимость, поскольку вопрос ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзі

Қадірлі қауым! Құрметті достар! Баршаңызбен бірге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында бас қосып отырғанымызға ризамын. Бүгінгі жиынның мән-мағынасы ерекше. ...