Айтулы азамат еді

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсанов өмірінің маңызды кезеңдерінің бір бөлігі Мырзашөл жерімен байланысты. Сонымен қатар, ол кісінің жан жары Саида жеңгеміз – киелі Жетісай өңірінің қызы. Мұстақым ағамыздың жалындаған жастық шағы, албырт кезеңі Мырзашөлдің ыстық алқабында құрыштай шыңдалды.

Мұстақым Біләлұлы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бі­тірген соң Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол ко­митетінің бірінші хатшысы болды. Содан кейін «Жетісай құрылыс» басқармасының прорабы, өнді­рістік-техникалық бөлімінің бастығы, бас инженер, басқарма бастығы, 1958 жылы Бетпақдала ирригация құрылысы тресінің бастығы қызметіне жіберілді. Мұнда ол өзін су-техникалық жә­не ирригациялық құрылыстар са­ласының жоғары маманы ретінде көрсете білді.

1961-1986 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ильич (қазіргі Мақтаарал) аудандық партия ко­митетінің бірінші хатшысы, Оң­түстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, 1975 жылдан бастап 11 жыл бойы Орал об­лыстық партия комитетінің бі­рінші хатшысы қызметтерін атқарды.

Нар тұлға ел есінде ең алдымен табанды еңбегімен, табиғат тарту еткен талантымен, ерекше мінез-құлқымен қалған жан. Ол асқан өмір асулары өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи белестерінің айқын көрінісі іспетті.

Мұстақым ағамыз көзі тірі болғанда осы күні 90 жасқа келер еді. «Әттең…» деген өкініш жақ­сы адамдардың соңынан айтылатын тіршіліктің заңы емес пе? Мұстақым Біләлұлы да сондай тұлғалардың бірі.

Мен 1985 жылы көктем айында Мұстақым Біләлұлының партия және шаруашылық жұмыстары бойынша әріптесі, Шардара, Сары­ағаш, Киров аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болған Әлжанов Дербіс Қал­дыбайұлымен бірге Оралға барып, облыстық партия комитетінің б­ірінші хатшысы Ықсановтың қа­был­дауында болдым. Ол бізді жылы шыраймен қарсы алды. Арада жарты жыл өткенде мені Фурманов аудандық атқару коми­теті төрағасының орынбасары қызметіне шақырды. Ол жұмысты 3 жылдан астам уақыт атқардым. Жұмыс барысында абзал ағаның қадір-қасиетін танып білдім әрі тәнті болдым. Ол қандай да м­ә­селені шешуде болмасын өзін өте сабырлы ұстайтын. Жастың да, жасамыстың да сөзін бөлмей, соңына дейін тыңдай білетін. Ешқашан субъективизмге жол бермей, пендешіліктен бойын аулақ ұстайтын. Жиналыста бәрінің ой-пікірін мұқият тыңдап, тек соңында сараптап барып өзінің ең соңғы шешімін талқыға салмайтындай нақты етіп бір-ақ айтатын. Кез келген мәселені объективті шешетін. Ол қандай талапшыл басшы болса, айналасындағылар да сондай іскер еді. Мұстақым ағамыз өз ісіне жан-тәнімен беріліп кететіндігі сондай, тәуліктеп жұмыс басында жүретін.

Кеңес Одағы кезінде Комму­нистік партия орталық, облыстық және аудандық комитеттері кадр­ларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеуге үлкен көңіл бөліп, қада­ғалап отыратын. Мұстақым Біләлұлы бұл бағытта барын салып өзінен кейінгі жастарды үйретті, принципшілдігімен іскерлікке, сауаттылыққа, әділдікке баулы­ды, қыз­мет бабымен өсірді. Осы­ған байланысты бір мысал кел­тіре кетейін. Ресейдің Саратов ауыл шаруашылығы институтын бітірген Орал облысы Жаңақала ауданына қарасты бір совхоздың директоры қызметін атқарған Марат Ермановты Фурманов аудан­дық партия комитетінің бі­рін­ші хатшысы етіп бекітеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасы сақталады

АСТАНА. 29 наурыз. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері Әбіш Кекілбаевтың ...

Әлихан әлемі

Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков пен Жақып Ақбаевтың туған жері Қарағанды облысының бұрынғы Қоңырат, қазіргі Ақтоғай ауданы. Осы ауданды ...