«Бәрі қамалды». Ернар Айдар өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Бәрі қамалды». Ернар Айдар өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Жалған ұтыс ойынын ұйымдастырушыларға қатысы болған әнші Ернар Айдар ел алдында шығып, өз басына түскен қиын жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Xnews.

Instagram-дағы парақшасына жүктеген видеода әнші қолына телефон жаңа ғана тиіп, өзі туралы желіде талқыланып жатқан мәселеге назар аударуға енді мүмкіндік туғанын айтады.

«…Ең бірінші кезекте, мен үшін уайымдап, маған қолдау білдіріп жатқан барша ағайынға алғысымды білдіремін. Ал осы істің ақ-қарасын ажыратпай жатып, мені сөз қылған адамдарға Алла сабыр берсін! Қазір сол жалған ұтыс ойынын ұйымдастырғандар қамауда. Тергеу жүріп жатыр. Оны Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Мен де өз тарапымнан бұл тергеу ісіне қолымнан келгенше көмегімді беріп жатырмын. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым, ағайын. Баршаңызға жақсылық тілеймін, барлығы әділ өтеді деген сенімдемін», — дейді Ернар Айдар видеода.

Ал, мұның алдында Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдардың алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан еді. 

Еске салайық, 24 сәуірде әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзғаны үшін ұсталғаны хабарланған. Алматылық полицейлердің мәліметінше, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойнатқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...