Президент Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады (видео)

Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өткен.

«Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыс тілеймін!», – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...