Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты бірегей кітап-альбомның таныстырылымы өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген басылымды *«Алматыкітап баспасы» құрылтайшысы Элеонора Баталованың басшылығымен әзірлеген.
Тағылымды кездесуге «Алматыкітап баспасының» президенті Гаухар Саймасаева, Әбілхан Қастеевтің немересі, кітаптың иллюстраторы, суретші Дәурен Қастеев ұстаздар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Гаухар Айтжанқызы төрт жылдық шығармашылық ізденістің нәтижесінде жарық көрген туындының дайындалу барысы, тарихи деректер менфотоматериалдардың жинақталуы туралы әңгімеледі.
Кітап-альбомға Дәурен Қастеевтің «Рәбия Бегім» және «Ұлы Әмір Темірдің Отырардағы соңғы күні» картиналары енген. Кездесуде суретші тарихи тұлғалардың бейнесін сомдаудағы ізденісі мен туындыларының мазмұны жайлы бөлісті.
Бұл жүздесу Түркістанның бай мұрасын кітап пен өнер арқылы танытып, кітап оқуға қызығушылықты арттырған мазмұнды шара болды.
Айта кетейік, кітап – төрт жылға созылған зерттеу мен шығармашылық еңбектің нәтижесі. Басылымға Қазақстан, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Армения музейлерінен жинақталған сирек тарихи деректер мен құжаттар, 300-ге жуық иллюстрация енген. Олардың қатарында Мемлекеттік Эрмитаж қорындағы Әмір Темір дәуірінің шырағдандары, Түркістан туралы көпшілікке беймәлім картиналар мен жеке коллекциядағы сирек автолитография бар.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары