Түркістан – Қазақстанның аграрлық көшбасшысы: өңірде тарихи рекордтар тіркелді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан – Қазақстанның аграрлық көшбасшысы: өңірде тарихи рекордтар тіркелді

Түркістанда өткен «AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалінде өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетістіктері мен өндірістік көрсеткіштері таныстырылды. Мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші өңірлердің бірі ретінде өз орнын нығайтып келеді. Бүгінде агроөнеркәсіп кешені облыстың жалпы өңірлік өнімінің 20 пайызын құрайды. Республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 14 пайызы өңірге тиесілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, өндірісті технологиялық жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімді терең өңдеу міндеттерін белгілеген. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және агроөнеркәсіптік кластерлерді дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейтті.

Биыл облыста егіс көлемі 9 мың гектарға ұлғайып, 920 мың гектарға жетті. Диқандар 534 мың тонна астық, 1,5 млн тонна көкөніс пен картоп, 1,7 млн тонна бақша өнімдерін және 556 мың тонна шитті мақта жинады. Әсіресе мақта шаруашылығында тарихи нәтиже тіркеліп, өнімділік гектарына 32 центнерге жетті.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10 айда 236,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артық. Қайта өңдеу өнімдерінің көлемі 150,2 млрд теңгені құрап, 1,2 есеге өсті. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 420,1 млн АҚШ долларына жетіп, 1,7 есеге артты.

Жалпы, 10 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 трлн 252 млрд теңгені құрады. Жыл қорытындысында бұл көрсеткішті 1,4 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған.

x

Check Also

Международный симпозиум «Диалог культур-2026» поднял статус Туркестана

В Туркестане, накануне 35-летия Независимости Республики Казахстан, проходит II Международный симпозиум «Dialogue of Cultures: диалог культур-2026». Вице-Президент Республики Казахстан Ерлан ...

«Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы Түркістанның мәртебесін биіктетті

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында «Dialogue of Cultures: Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтіп жатыр. ...