«Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі»

Қаладағы «Көрме» орталығында қалалық Ардагерлер кеңесінің «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» тақырыбындағы форум іс-шарасы өтуде. Ауқымды жиынға қалалық Ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері, бастауыш және салалық ардагерлер ұйымдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, білім беру саласының мамандары, жастар қозғалысының белсенділері мен дін өкілдері қатысты.

Форумның басты мақсаты – ұлттық құндылықтар негізінде рухани тәрбиені нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жастар тәрбиесіндегі аға буынның рөлін арттыру.

Пленум жұмысына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Әбілғазы Құсайынов та арнайы қатысты.

Қала әкімінің орынбасары мәдени кодты сақтау және жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру – әр азаматтың мемлекеттік әрі азаматтық борышы екенін атап өтті.

«Біздің тәуелсіз де қуатты мемлекетіміз бар. Біз өз құндылықтарымызды келер ұрпақ пен ұрпағымыздың болашағы үшін сақтауға міндеттіміз», – деді Сәрсен Абайұлы.

Форум қатысушыларына Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Әбдіғазы Құсайынов та құттықтау сөз арнады. Ол қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауда аға буынның маңызды тірек екенін айтты.

«Бүгінде елімізде 2,5 миллионға жуық ардагер бар. Бұл – біздің ең қымбат қазынамыз. Қазіргі басты міндетіміз – қоғамды топтастыру және халықтың бірлігін нығайту. Орталық кеңесте жұмысымыздың жеті негізгі бағытын жан-жақты пысықтадық. Соның ең маңыздысы – үлкенді құрметтеу. Ардагерлерге тиісті жағдай жасау және мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық көліктер мен вокзалдарда басымдық берілуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті ведомстволармен меморандум жасап жатырмыз», – деді ардагерлер ұйымының төрағасы.

Талқылау барысында спикерлер тарихқа құрметпен қарау, жастар арасындағы зиянды әдеттермен күресу және дәстүрлі отбасы институттарын нығайту мәселелерін көтерді.

Форум аясында «Шымкент: Ел есіндегі есімдер» және «Құндылықтар тұғырындағы тұлғатану тағлымдары» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері, ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттау рәсімі және қала тұрғындарына арналған ресми үндеу қабылдау жоспарланған.

➖

В Шымкенте проходит форум ветеранов «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі»

В выставочном центре «Корме» начал работу форум городского Совета ветеранов на тему «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі».

Масштабное собрание объединило членов пленума городского совета ветеранов, руководителей первичных и отраслевых ветеранских организаций, представителей интеллигенции, сферы образования, активистов молодежного движения и духовенство. В пленуме приняли участие заместитель акима Шымкента Сарсен Куранбек и председатель республиканской организации ветеранов Абилгазы Кусаинов.

Главная цель форума — укрепление духовного воспитания через призму национальных ценностей, сохранение преемственности поколений и усиление роли старшего поколения в воспитании молодежи.

Выступая перед аудиторией, Сарсен Куранбек отметил, что национальная идентичность это фундаментальное условие выживания и процветания государства в современном мире. Сохранение культурного кода и духовно-нравственное воспитание молодежи являются прямым государственным и гражданским долгом каждого.

«У нас независимое сильное государство, и мы обязаны сохранять наши ценности для будущих поколений, для наших потомков», — отметил Сарсен Абаевич.

С приветственным словом к участникам обратился председатель республиканской организации ветеранов Абилгазы Кусаинов. Он подчеркнул, что старшее поколение остается ключевой опорой государства в вопросах единства и общественной стабильности.

«Сегодня в стране насчитывается около 2,5 миллиона ветеранов — это наш самый ценный капитал. Наша главная задача сегодня — консолидация общества и единство народа. В Центральном совете мы детально проработали семь ключевых направлений работы. Первое и самое главное — это почитание старших. Мы заключаем меморандумы с профильными министерствами, включая Минтруда и Минтранспорта, чтобы гарантировать ветеранам надлежащие условия и приоритет в государственных структурах, на транспорте и вокзалах», — отметил глава ветеранской организации.

В ходе обсуждения спикеры затронули вопросы бережного отношения к истории, борьбы с пагубными привычками среди молодежи, а также укрепления традиционных семейных институтов.

«Мы должны сфокусироваться на передаче традиционных ценностей подрастающему поколению, защите нашей истории, укреплении традиционной духовности и борьбе с такими вызовами, как лудомания. Ветераны не должны оставаться в стороне: каждый из нас авторитетом в своей семье и среди соседей способен влиять на воспитание молодежи, личным примером укрепляя порядок, нравственность и справедливость в обществе», — добавил Абилгазы Кусаинов.

В рамках форума также запланирована презентация новых книг «Шымкент: Ел есіндегі есімдер» и «Құндылықтар тұғырындағы тұлғатану тағлымдары», церемония награждения отличившихся граждан и принятие официального обращения к жителям города.

Shymkala.kz

x

Check Also

Түркістанда Жолдауда белгіленген міндеттерді өңірде іске асыру бағыттары қаралған мәжіліс өтті

Түркістан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына ...

Шымкентте жеңілдетілген шарттармен берілетін баспана саны көбейіп келеді

Шымкентте қала тұрғындарын жеңілдетілген шарттармен баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Жаңа үйлерден тағы 30 отбасы пәтер кілттерін алды. Кілттерді табыстау рәсіміне ...