Түркістан облысында «Дала дәмі» азық-түлік жәрмеңкесі өтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Дала дәмі» азық-түлік жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Түркістан облысында жалпы ұлттық “Дала дәмі” жәрмеңкелік акциясы өтуде.

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарды қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға ықпал ету.

Жәрмеңкеге өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысып, ет және сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын нарық бағасынан төмен бағамен ұсынды.

Іс-шара барысында тұрғындар қажетті өнімдерді тиімді бағамен сатып алып, отандық өндірушілердің өнімдерімен танысуға мүмкіндік алды.

Түркістан облысында халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...