Шымкент қаласында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында  2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні  тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Шымкент қаласы аумағында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

 «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі:

«Republic Day»

Атауы Мекенжайы
ОСО «Mega Planet» Тәуке хан даңғылы 13
СО «Гипер Хаус» М. Дулати көшесі 200 А
ОСО  «Shymkent Plaza» Әл-Фараби алаңы 3/1
ОСО «Наурыз парк» Бәйдібек би даңғылы 25
ОСО «Фиркан Сити» Тәуке хан даңғылы 330
ОСО «Diamond Plaza» Н. Назарбаев даңғылы 177 Б
ОСО «Shymkent City Mall» Бәйдібек би даңғылы 362/7
ОСО «Royal Plaza» Д. Қонаев даңғылы 122
СО «Нұрсат Сити» Нұрсат ш/а 121 А
ОСО «DUR PLAZA» Бәйдібек би даңғылы 70
ОСО «Dala Mall» Алматы тас жолы 13 А
СҮ «Береке» Тәуке хан даңғылы 18
Гипермаркет «Эврика» Тәуке хан даңғылы 334
СҮ «Аль-Фараби» Темірлан тас жолы 19
СҮ «Арман Сити» Байтұрсынов көшесі 20 В
СҮ «Техно дом» Тәуке хан даңғылы 13

 «Bereke Fest»

Атауы Мекенжайы
«GraMad» гипермаркеті Жібек жолы көшесі 58
«GraMad» сауда желісі Б. Момышұлы көшесі 6
«GraMad» сауда желісі Ғ. Иляев көшесіт№ 10
«GraMad» сауда желісі Қ. Төлеметов көшесі 69/42
«GraMad» сауда желісі А. Асқаров көшесі 34
«Баян Сұлу» супермаркеті Темірлан тас жолы 3/5
«F-mart» супермаркеті Ж. Адырбеков көшесі 39
«F-mart» супермаркеті Тәуке хан даңғылы 330
«Turan» супермаркеті Ғ. Иляев көшесі 86
«Turan» супермаркеті Ж. Алдияров көшесі 38/3
x

Check Also

Шымкентте екі жаңа модульді спорт залы ашылды

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ және Нұрсәт шағынаудандарында ангар үлгісіндегі екі модульді спорт залының құрылысы аяқталды. Жаңа нысандар бұқаралық спортпен шұғылдануға мүмкіндік ...

В Туркестанской области пройдут республиканские акции «Republic Day» и «Bereke Fest»

В преддверии Дня Республики в Туркестанской области с 17 по 27 октября 2026 года пройдут республиканские акции «Republic Day» и ...