Шымкент: Өнер мен шығармашылық тоғысқан жәрмеңке — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Өнер мен шығармашылық тоғысқан жәрмеңке

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ұйымдар мен үйірмелер жәрмеңкесі өтті. Студенттер аллеясында ұйымдастырылған іс-шара жастардың шығармашылық қабілетін танытып, белсенділігін арттырды.

Студенттік шақ – біліммен қанаттанып, қабілетіңді танып, өмірлік бағытыңды айқындайтын кезең. Бұл уақытта жастар шығармашылығын шыңдап, жаңа ортаға бейімделеді. Білім алушының талабын тану үшін ұйымдастырылған жәрмеңкеге бірінші курс студенттері жиналды. Іс-шараның ашылу салтанатында университет ректоры сөз сөйлеп, жастардың бастамаларына қолдау білдірді. Ол студенттік ұйымдарға қатысу көшбасшылық қасиетті қалыптастырып, шығармашылық қабілетті дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Қайрат Балабиев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректоры:
Бұл-тек жәй жәрмеңке емес, бұл студенттердің білімі, еңбегі тоғысқан үлкен қуаныш мерекесі. Сондықтан студенттерге алдағы уақытта шығармашылығын шыңдау үшін мүмкіндік сыйлауға дайынмын.

Мерекелік бағдарлама ән мен биге ұласты. Студенттер заманауи әндер орындап, мюзиклдер мен пародиялық қойылымдар ұсынды. Әр ұйым өз қызметін ерекше таныстырып, кештің көркін қыздырды.

Нұрзат Жұман, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттік ректоры:
Бұл іс-шараның мақсаты–студенттердің қызығушылығын ашып, бойындағы талантын шыңдау.Бүгін сегіз ұйым өз ұйымдарын таныстырады.Бұл арқылы олар студенттік шақты қызықты етіп өткізеді.

Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға демеушілер атынан сыйлықтар берілді. Ал студенттер қызығушылығына сай ұйымды таңдады.

➖

Ярмарка студенческих организаций

В Южно-Казахстанском педагогическом университете имени Узбекали Жанибекова прошла ярмарка студенческих организаций и кружков. Мероприятие, организованное на студенческой аллее, помогло молодёжи раскрыть творческий потенциал и проявить себя в общественной жизни вуза.

Студенческие годы — время новых знаний, поиска себя и определения жизненных ориентиров. Именно в этот период молодые люди развивают свои способности и находят единомышленников. На ярмарку, призванную помочь первокурсникам раскрыть свои таланты, собрались студенты первого курса. На церемонии открытия выступил ректор университета, выразив поддержку молодёжным инициативам. Он подчеркнул, что участие в студенческих организациях помогает развивать лидерские качества и творческие способности.

Кайрат Балабиев, ректор Южно-Казахстанского педагогического университета им. Узбекали Жанибекова:
— Это не просто ярмарка, а настоящий праздник, в котором объединяются знания и труд студентов. Я готов и дальше создавать для молодёжи возможности, чтобы они могли развивать свои творческие способности и раскрывать потенциал.

Праздничная программа продолжилась песнями и танцами. Студенты исполнили современные композиции, представили музыкальные и пародийные постановки. Каждая организация постаралась оригинально рассказать о своей деятельности и привлечь внимание первокурсников.

Нурзат Жуман, студенческий ректор Южно-Казахстанского педагогического университета им. Узбекали Жанибекова:
— Цель мероприятия — выявить интересы студентов и помочь им раскрыть свои таланты. Сегодня восемь организаций представляют свою деятельность. Благодаря таким инициативам студенческая жизнь становится ярче и интереснее.

В завершение мероприятия наиболее активным участникам вручили подарки от спонсоров. А студенты смогли выбрать организации и кружки в соответствии со своими интересами.

Ontustiktv.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...