Қоғамның құқықтық дамуына жол ашатын маңызды құжат — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғамның құқықтық дамуына жол ашатын маңызды құжат

Жаңа Конституцияда адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде тану – құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Азаматтардың құқықтарын конституциялық тұрғыдан қорғауға ерекше мән берілуі мемлекеттің негізгі міндеті азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету екенін айқындайды.

Жаңа Конституцияда бүгінгі күннің өзекті мәселесі – цифрлық кеңістіктегі адам құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Жеке мәліметтердің құпиялылығын сақтау, ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке өмірге қол сұқпау қағидаларын конституциялық деңгейде қарастыру заман талабына сай шешім болып саналады. Себебі, қазіргі уақытта адамның құқықтары тек шынайы өмірде ғана емес, интернет пен цифрлық ортада да қорғалуы тиіс.

Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, қоғам сұраныстарының жаңа деңгейге көтерілуі құқықтық жүйені жаңаша пайымдауды талап етіп отыр. Қазір адамның санасы да, қоғам да өзгерді. Цифрлық дәуірде бізге жаңа құқықтық нормалар керек. Білім, ғылым саласына да көңіл бөлініп отыр. Бұл елде адам капиталын дамытуға зор серпін береді.

Жаңа Конституцияның тарихи маңызы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітумен ғана шектелмейді. Оның негізгі ерекшелігі – адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде айқындауында. Конституцияда белгіленген қағидалар нақты өмірде жүзеге асып, әрбір азаматтың құқықтары сенімді қорғалған жағдайда ғана бұл құжаттың маңызы арта түспек.

Жалпы айтқанда, күшіне енген жаңа Конституция – мемлекеттің және қоғамның құқықтық дамуына жол ашатын маңызды құжат. Адамның құқықтары мен қадір-қасиеті жоғары бағаланатын елде заң үстемдігі нығайып, әділдік пен қоғамдық тұрақтылық қалыптасады. Сондықтан, Конституцияда бекітілген қағидаларды жүзеге асыру мемлекетке ғана емес, бүкіл қоғамға жүктелетін ортақ міндет болып отыр.

Дархан АСАДІЛОВ,
Шымкенттік каратэші, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...