Отырар ауданында «Тарихқа тағзым-ұрпаққа аманат» бастамасы аясында 500-ге жуық адам сенбілікке шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Отырар ауданында «Тарихқа тағзым-ұрпаққа аманат» бастамасы аясында 500-ге жуық адам сенбілікке шықты

Республика күні қарсаңында Отырар ауданында «Тарихқа тағзым-ұрпаққа аманат» жалпыұлттық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында аудан тұрғындары, еріктілер мен ұйымдастырушылар қатысып, қоғамдық аумақтарды тазарту және елді мекендердің көркін арттыру жұмыстарына атсалысты. Сондай-ақ, тазалық шарасына 10-ға жуық техника жұмылдырылып 5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамда экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған ортақ бастама. Мұндай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...