Ухань мен Түркістан қаласы ынтымақтастық меморандумына қол қойды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ухань мен Түркістан қаласы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Қытай Халық Республикасының Ухань қаласында өтіп жатқан «Әкімдердің дүниежүзілік диалогы – Ухань» және Уханьның 2026 жылғы бауырлас қалалар ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық конференциясы аясында Түркістан мен Ухань қалалары арасында бауырластық және достық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім екі қала арасындағы тікелей байланысты нығайтып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, сондай-ақ білім, инновация, мәдениет және туризм салаларында тәжірибе алмасуға жол ашады. Құжатта заманауи қала құрылысы мен қалалық басқару бағыттарындағы ынтымақтастық та қамтылған.

Меморандум – Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы қалыптасқан өңіраралық байланыстың қалалық деңгейдегі жалғасы. 2025 жылы екі өңір арасында достық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылған болатын.

Уханьмен жаңа серіктестік Түркістанға инвестиция тарту, озық технологиялар мен басқару тәжірибесін енгізу және халықаралық іскерлік байланыстарды кеңейту бағыттарында жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...