Түркістан: Ордабасыда дүниежүзілік тазалық күніне орай жаппай сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Ордабасыда дүниежүзілік тазалық күніне орай жаппай сенбілік өтті

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жаппай ауқымды сенбілік өтті.

Тазалық шарасы ауданның барлық 10 ауылдық округін қамтып, оған 1️600-ге жуық адам қатысты. Мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, спортшылар, еңбек ардагерлері, қариялар мен тұрғындар туған жерді тазарту және абаттандыру жұмыстарына бірлесе атсалысты.

Аудан орталығы Темірландағы негізгі тазалық жұмыстар Орталық саябақта жүргізілді. Мұнда аумақ тазартылып, шөптер орылды, ағаштар әктелді, қоршаулар, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңдары ретке келтірілді. Саябақтың жасыл желегін толықтыру мақсатында 1️00 түп шырша көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар тазалық жұмыстары Арыс өзені мен Байкал аумағында, елді мекендердегі саябақтар мен скверлерде, қоғамдық орындарда, ескерткіштер мен аялдамалар маңында жүргізілді.

Сенбілікке әлеуметтік және өндірістік нысандардың ұжымдары да белсенді қатысты. Мектептер мен балабақшалар, аурухана, зауыттар, сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандар өз аумақтарын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бір күндік шараның өзінде аудан аумағынан 8️0 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Бұл сенбілік – тазалықты сақтаудың ғана емес, елді мекендердің көркін арттыруға деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі.

Таза орта – ең алдымен әр адамның өз аумағына деген ұқыптылығынан басталады.

Ордабасы ауданында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...