Түркістан облысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың зиянды салдары туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы Ақтаев Ж.Б. және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Кипчакбаева Г.Б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері, нашақорлықтың алдын алу жолдары және жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуының маңыздылығы талқыланды.

Сонымен қатар АИТВ инфекциясының алдын алу, қауіп факторлары және жастар арасында профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қозғалды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жастардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Салауатты болашақ – саналы таңдауда

#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...