«Таза Қазақстан – таза болашақ» — Xnews — ақпарат агенттігі

«Таза Қазақстан – таза болашақ»

Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттыру, ақпараттық түсіндіру іс-шараларының маңызы зор. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде экологиялық арнайы сабақтар өткізу жоспарға қойылған. Бүгін №140 жалпы орта мектебінде «Таза Қазақстан – таза болашақ»тақырыбында экологиялық сабақ ұйымдастырылып, оқушылар таным көкжиегін кеңейтті.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Бейсенбайқызының айтуынша, білім ордасында экологиялық танымды қалыптастыруға бағытталған арнайы ашық сабақтар тұрақты өтіп жатыр. Бүгін таңғы ауысымдағы барлық сыныптарда ауаның, судың ластануын тазарту тақырыбында өткізілген арнайы экосабақтарда оқушылар белсенділік танытты.

Сонымен қатар, оқушылар қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату, қайта өңдеу сынды тәжірибелік жұмыстарын, экологиялық жобаларын көрсетті. Бұл бағытта мектепте арнайы үйірме де жұмыс істейді.

Жалпы, қалада эко сананы қалыптастыруда мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар және эко экскурсиялар тұрақты ұйымдастырылуда. Жалпықалалық сенбіліктерде де тұрғындар тазалыққа үлес қосып, өзінің тұрғылықты жерін таза ұстауға дағдыланып келеді.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты да осы – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру. Мұндай арнайы сабақтар оқушылардың табиғатты қорғауға деген ынтасын оятады.

➖

«Таза Қазақстан — чистое будущее»

Повышение экологической грамотности населения и проведение информационно-разъяснительных мероприятий имеют важнейшее значение для общества. В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» в образовательных учреждениях Шымкента запланирована организация специальных экологических уроков. Очередное занятие на тему «Таза Қазақстан – таза болашақ» прошло в общеобразовательной школе №140, позволив учащимся расширить свой кругозор.

Как отметила заместитель директора школы по воспитательной работе Әлия Бейсенбайқызы, в стенах учебного заведения на регулярной основе проводятся специальные открытые уроки, направленные на формирование экологического сознания. Сегодня во всех классах прошли эко-занятия, посвященные актуальным проблемам загрязнения воздуха и воды, в ходе которых школьники проявили высокую активность.

Кроме того, учащиеся презентовали практические работы и собственные экологические проекты, посвященные утилизации и переработке бытовых отходов. Для поддержки таких инициатив в школе функционирует специальный кружок.

В целом в рамках формирования экологической культуры в школах и высших учебных заведениях мегаполиса на постоянной основе организуются тематические семинары, тренинги, открытые уроки и эко-экскурсии. Горожане также активно вносят свой вклад в чистоту в ходе общегородских субботников, привыкая содержать в порядке свои дворы и улицы.

Главная цель сегодняшнего мероприятия — повышение экологической грамотности подрастающего поколения и воспитание бережного, ответственного отношения к окружающей среде. Подобные уроки эффективно пробуждают у школьников интерес к защите и сохранению природы.

Shymkala.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...