Еліміздің болашағы шынында да жастардың қолында. Ал бұл болашақ туған үйге, туған жерге деген қамқорлықтан басталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында еріктілер мен белсенділермен кездесіп, сөйлеген сөзі әрбір қазақстандықтың жүрегінен ерекше орын алды. Президент еліміздің болашағы білімді, белсенді әрі мақсатшыл жастардың қолында екенін орынды атап өтті. Әділетті, қауіпсіз, озық әрі таза мемлекет құру – баршамыздың қасиетті парызымыз.
Мемлекет басшысының кейде ойланбай айтылған сөздің кез келген әрекеттен де қатты жаралауы мүмкін екені және жалғыз Отанымызды аялап, Қазақстанның игілігіне қамқорлық жасау әрқайсымыздың міндетіміз екені туралы пікірі біз үшін айрықша маңызды.
Президент еріктілер қозғалысының рөліне және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны сияқты ауқымды экологиялық бастамаларға ерекше тоқталды. Сондай-ақ БҰҰ алаңында Халықаралық еріктілер жылын және Планетаны көгалдандырудың халықаралық күнін белгілеу жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Біз, мәдениет саласының қызметкерлері үшін бұл сөздердің мәні ерекше. Театр қашанда елге, туған өлке мен қоғамға деген сүйіспеншілікті, ортақ іске жанашырлықты және жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етіп келеді. «Таза Қазақстан» науқаны аясындағы экологиялық акциялар мен бастамаларды қолдай отырып, біздің театр ұжымы оңтүстік мегаполистің көркеюіне өз үлесін қосуға ұмтылуда.
Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың жасампаздық қуаты еліміздің ертеңін айқындайды. Жастарымыздың волонтерлік қозғалысқа және экологиялық жобаларға үлкен ынтамен атсалысып жүргенін көріп отырмыз.
Азаматтық жауапкершілік танытып, жасампаз еңбекке жұмыла отырып, ортақ күш-жігерімізбен Шымкентімізді де, бүкіл елімізді де одан әрі көркейтіп, қуатты әрі табысты мемлекетке айналдыратынымызға сенімдімін.
Игорь ВЕРБИЦКИЙ,
Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары