Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

15 тамыз — қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Түркістан қаласындағы «Ақжайық» өнер мектебінде ұлы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағзым шарасы барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері композитордың таңдаулы әндерін орындап, көпшілікке ерекше музыкалық тарту жасады.

Шарада Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, шығармашылық мұрасы мен ұлттық мәдениеттегі айрықша орны кеңінен дәріптелді.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

#Шәмші_Қалдаяқов_Түркістан

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...