Түркістан: Қазығұрт ауданында облыстық «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Қазығұрт ауданында облыстық «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында облыстық «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған тағылымды шара Шарбұлақ ауылындағы тарихи бұлақтың маңында өтті.

Акцияға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, коммуналдық мекеме қызметкерлері, еріктілер, белсенді жастар, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысып, туған өлкенің табиғатын қорғау ісіне өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында Шарбұлақ ауылындағы бұлақ көздерінің айналасы қоқыстан тазартылып, аумақ абаттандырылды. Сонымен қатар гүл көшеттері отырғызылып, бұлақ маңын көркейту жұмыстары жүргізілді. Жалпы аудан көлемінде өткен экологиялық акцияға 300-ден астам адам белсенді қатысты.

Акция барысында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ парызы екенін атап өтті.

«Халқымызда “Бұлақ көрсең – көзін аш” деген дана сөз бар. Бұл – ата-бабамыздан қалған аманат. Табиғат – баршаға ортақ байлық, ал әрбір бұлақ – келер ұрпаққа қалдырар асыл мұра. Сондықтан туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет», – деді ол.

«Мөлдір бұлақ» акциясы – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, туған жерге деген жанашырлықты арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Осындай игі шаралар табиғатты аялау дәстүрін нығайтып, елдің экологиялық санасын дамытуға өз үлесін қоса береді.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауылы тарихқа бай өлкелердің бірі. Халық аңыздарында XIII-XIV ғасырда өмір сүрген көрнекті әулие Ысмайыл ата Аллаға жалбарынып тұрып, аса таяғын төрт рет сілтеп жібереді сол кезде таяқ қадалған жерден төрт бұлақ қайнап шыға келеді. Бейпіл суға мейірі қанып су шыққан жерді Шарбұлақ деп атап кетеді. Ғалымдардың пайымдауынша «Шар» — парсы сөзі, «төрт» деген мағынаны береді. «Шарбұлақ» — «Төрт бұлақ», яғни Ысмайыл атаның төрт бұлағы деген сөз.

#Таза_Қазақстан

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...