Бүгін, 10 тамыз — Абай күніне орай Шымкент қаласында ауқымды музыкалық шеру өтті. Шартарапты әуенге бөлеген бұл мәдени бастама аясында 100-ге жуық өнерпаз қаланың басты орындарында ұлы ақынның мәңгілік мұрасын паш етті.
Жергілікті өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Хәкім Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сынды әндерін әуелете шырқап көпшілікті тәнті етті. Өнерпаздар Әуежай, «Дала мол», Теміржол вокзалы, «Жапон» саябағы, «Плаза», «Сити мол» сауда орталықтарын аралап, әуезді әндерін қалықтатты. Жанды дауыстағы орындаулар қаланың әрбір бұрышын ұлттық өнердің рухына бөледі. Жас пен кәріні баурап алған музыкалық шеру ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың және ұлы Абайдың асыл сөзін дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
➖
В Шымкенте около 100 артистов исполнили песни Абая
В Шымкенте состоялось масштабное музыкальное шествие, посвященное богатому наследию великого поэта.
Сегодня, 10 августа, в День Абая, около ста артистов вышли на главные площадки мегаполиса, чтобы подарить жителям и гостям города бессмертные творения хакима. Творческие коллективы концертной организации «Шымкент концерт» проехали по специально разработанным маршрутам, наполняя город праздничной атмосферой и звучанием любимых мелодий.
Знаменитые произведения Абая — «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» — исполнялись в самых оживленных точках Шымкента. Артисты побывали в международном аэропорту, на железнодорожном вокзале, в Японском парке, а также в популярных торговых центрах «Dala Mall», «Plaza» и «City Mall».
Живое исполнение погрузило каждый уголок города в особую духовную атмосферу. Музыкальная акция, увлекшая как старшее поколение, так и молодежь, стала ярким примером популяризации национальных ценностей и приобщения горожан к поэтическому и музыкальному слову великого Абая.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары