Сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Өсербаев Сайрам ауданында болып, учаскелік сайлау комиссияларына арналған семинарға қатысты.

Семинар барысында А. Өсербаев сайлау комиссияларының мүшелеріне сөз сөйлеп, алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу барысында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында учаскелік сайлау комиссияларының міндеттері, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процесін сапалы ұйымдастыру мәселелері жан-жақты пысықталды.

Алдағы науқанды заң талаптарына сай, ашық әрі ұйымдасқан түрде өткізу – басты міндет.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...