Арыста кезекті рет жалпықалалық сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Арыста кезекті рет жалпықалалық сенбілік өтті

Арыс қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен мекеме ұжымдары тазалық пен тәртіпті сақтау жолында бірлесе еңбек етті. «Таза Қазқстан» шарасы аясында өткен бұл жолғы сенбілік қала орталығында өтті. Игі бастамаға қаламыздағы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, білім беру ұйымдары мен түрлі еңбек ұжымдары белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында жол жиектеріндегі арамшөптер орылып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар арнайы қаптарға жиналып, тиісті орындарға жеткізілді. Қала аумағында тазалық жұмыстары қызу жүріп, шаһардың көркіне көрік қосты.

Сенбілікке көпқабатты тұрғын үй аулалары да белсенділікпен қатысты. Әсіресе, Әбдіразақов көшесіндегі №49 үйдің тұрғындары әдеттегідей үлгі көрсетті. Олар үй ауласын, ойын алаңдарын тазалап, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Қала әкімдігі сенбілікке белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, өзге тұрғындарды да қоршаған ортаға бейжай қарамай, үй іргелерін таза ұстауға, туған қаламызды көркейтуге үлес қосуға шақырады.

#Таза_Қазақстан

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...