Абай – ұлт руханиятының темірқазығы — Xnews — ақпарат агенттігі

Абай – ұлт руханиятының темірқазығы

7 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен ерлер арасында тоғызқұмалақтан «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты Шымкент қаласының чемпионаты өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тоғызқұмалақ спортын дамыту.

Жарысқа 20-дан астам спортшы қатысып, классика және блиц бағдарламалары бойынша бақ сынады. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік 6 спортшы қыркүйек айында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

Іс-шараға қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алмас Өмірбекұлы, аға жаттықтырушы Сабит Қалдыбекұлы, спортшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аталған чемпионат ұлттық зияткерлік ойынның дамуына серпін беріп, жастар арасында ұлттық мұра мен рухани құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ тоғызқұмалақ спортының бұқаралық сипат алуына бағытталды.

Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығы – халқымыздың рухани қазынасы. Абайдың асыл мұрасы жас ұрпақты білімге, еңбекке, адамгершілікке, адалдық пен ізгілікке тәрбиелейді. Әрбір қара сөзінде өмірдің мәні, халықтың болашағы мен елдің кемелденуіне қатысты өшпес өсиет жатыр.

Абай Құнанбаев — қазақтың ұлы ақыны және композиторы, ойшылы, ағартушысы және қоғам қайраткері. Ол ұлы ойшылға іргелі болмыстың барлық салаларына, ажырамас бірлікте, тұтастықта, үйлесімділікте болған әлемнің, адамның, ұлттың, тарихтың, рухтың, барлық шексіз құбылыстарына енуге және адам танымының шекарасын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Абай — әлемдік тұлға. Ол дана, ойшыл және кемеңгер ақын, ғалым. Оның поэзиясы адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты алға тартты. Ол адамзатты қараңғылық пен надандыққа қарсы күресуге шақырды.

Абай өз ісімен, әлемге деген көзқарасымен, терең де байыпты ойларымен, данышпандығымен замандастарынан ерекшеленіп, қазақ халқының қорғаны бола білді.

Ұлы ақынның артында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мол мұра, рухани қазына қалды.

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...