Түркістан облысында Жаңа Конституцияны сапалы жүзеге асыру жұмыстары жанданады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында Жаңа Конституцияны сапалы жүзеге асыру жұмыстары жанданады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын сапалы жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Аталған жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы қатысты.

Олжас Бектенов жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін айтып, оның Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалардың берік негізін қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік институттарды жаңғырту, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысының тұрғындары Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысып, оны қолдады. Өңірде Ата Заңның басымдықтарын түсіндіру және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...