Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Жаңа Конституцияны насихаттауға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Қаладағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі саналатын университетте бүгінде 22 мыңнан астам студент бар. Сондықтан, мұнда қоғамдық-саяси тақырыптардың жастар арасында кеңінен талқылануының маңызы зор.

Жиынды саясаттану ғылымдарының PhD, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Ардақ Базарбекұлы ашып, қатысушыларды Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады. Ата Заңымыз еліміздің саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтынын айтып, мұндай өзгерістердің әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Заң ғылымдарының докторы, профессор, «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының меңгерушісі Айсана Сман Жаңа Конституцияның мемлекетіміздің құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастыратынын жеткізді.

Профессордың айтуынша, Конституция қабылданған күннен бастап кафедрада білім алатын 2,5 мың студент арасында Конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

Жиын барысында сөз алған өзге де қатысушылар Ата Заңды құрметтеу әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті.

Среди студентов Шымкента провели информационную работу по разъяснению Новой Конституции

В Южно-Казахстанском исследовательском университете имени М.Ауэзова прошел круглый стол, посвященный популяризации и разъяснению Новой Конституции. В этом престижном вузе Шымкента сегодня обучается более 22 тысяч студентов, поэтому широкое обсуждение общественно-политических тем в молодежной среде имеет особое значение.

Встречу открыл заведующий кафедрой «Политология», доктор PhD Ардак Базарбекулы, который поздравил участников с вступлением Новой Конституции в законную силу и отметил, что Основной закон знаменует собой новый этап политико-правового развития Казахстана и является важнейшим шагом на пути к построению Справедливого государства. О правовых аспектах реформ подробно рассказала заведующая кафедрой «Уголовное право и уголовный процесс», доктор юридических наук, профессор Айсана Сман. Она подчеркнула, что внесенные изменения не только совершенствуют правовую систему страны, но и формируют качественно новые механизмы защиты прав и свобод граждан.

По словам профессора, с момента принятия Конституции среди 2,5 тысяч студентов, обучающихся на ее кафедре, систематически ведется информационно-разъяснительная работа. Подобные встречи напрямую способствуют повышению правовой грамотности молодежи и укреплению их гражданской ответственности. В завершение круглого стола другие участники встречи единогласно сошлись во мнении, что уважение к Основному закону является главным долгом и обязанностью каждого гражданина Казахстана.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...