Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда

Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады. Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауда. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін бейнебақылау камералары тиімді пайдаланылуда. Олардың көмегімен қоқыс пен құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төгу, ортақ пайдалану орындарын ластау деректері анықталып, құқық бұзушыларға заң талаптарына сәйкес шаралар қолданылуда.

Сонымен қатар тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Таза Қазақстан – бұл жай ғана акция емес, бұл әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс», – деп атап өткен болатын. Сондықтан абаттандыру ережелерін сақтау – барлығымызға ортақ міндет.

– Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымына ерекше мән берген. Жұртымыз «таза» сөзін кең мағынада қолданады. Мысалы, арлы, ниеті түзу, адал адам туралы айтқан кезде «ары таза, ойы таза, жүрегі таза» адам деп сипаттаған. Бабаларымыз әрдайым табиғатпен етене байланыста өмір сүрген, қоршаған ортаны қорғау қастерлі міндет деп санаған. «Обал болады» деп, жас ұрпақты табиғатқа ешқандай зиян келтірмеуге үйреткен. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, Жер-Анаға жанашыр жүрекпен қарауға тәрбиелеген. Міне, бүгін де тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке, қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы – соның айқын көрінісі. Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы. Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады. «Таза Қазақстан» – дәл осындай бірегей бастама. Бұл жоба миллиондаған отаншыл азаматымыздың адал еңбегінің арқасында жалпыхалықтық қозғалысқа айналды, – деді Президент.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...