Құрылтай сайлауы: қоғам сенімі — басты қағидат — Xnews — ақпарат агенттігі

Құрылтай сайлауы: қоғам сенімі — басты қағидат

Құрылтай сайлауы – елдің бірлігі мен қоғамдық келісімін нығайтуға бағытталған маңызды саяси үдеріс.

Бұл сайлау арқылы қоғамның әртүрлі саласының өкілдері ортақ мүдде жолында бас қосып, халықтың ұсыныс-пікірлерін жеткізуге және ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады. Құрылтай жұмысына белсенді қатысу – азаматтық жауапкершіліктің және Отанға деген жанашырлықтың көрінісі.

Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – ел болашағына қосқан нақты үлесі. Сондықтан Құрылтай сайлауында белсенділік танытып, лайықты үміткерлерді қолдау – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне қызмет етеді. Бірлігімізді бекемдеп, ортақ мақсат жолында жұмыла әрекет ету – жарқын болашақтың кепілі.

Г.Тайтелиева,
«Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...