Қайтарылған активтер — балалар игілігіне — Xnews — ақпарат агенттігі

Қайтарылған активтер — балалар игілігіне

Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінде қайтарылған активтер есебінен жаңа тұрғын үй корпусы салынды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының прокуратурасынА сілтеме жасап.

Заманауи ғимарат 300-ден астам тәрбиеленушіге қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік маңызы бар жобаның жүзеге асуына үлес қосқан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Шымкент қаласының прокуратурасына және қала әкімдігіне интернат ұжымы мен тәрбиеленушілері алғыстарын білдірді.

Қайтарылған активтер — балалардың болашағына!

Еске салсақ, заңсыз иемденілген активтерді елімізге қайтару – Үкіметтің әлеуметтік нысандарға инвестиция салудың экономикалық тәсілі ғана емес, бұл сонымен бірге әділдікті қалпына келтірудің бір қадамы болып саналады. Бір кездері мемлекеттің бақылауынан шығарылған осы қаражат арқылы бүгінде мектептер мен ауруханалар салынып, су жүйелері тартылып, сондай-ақ өңірлерге қолдау көрсету сынды қоғам алдындағы міндеттер шешіліп келеді.

Қазақстаннан заңсыз жолмен шығарылған активтерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында 2023 жылдың 12 шілдесінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң қабылданды. Оның ережелерін іске асыру үшін басқарушы компания – «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС құрылып, оған мемлекеттің еншісіндегі активтерді қабылдау, сақтау және сату міндеттері жүктелді.

Компанияның қызметін реттеу үшін 2023 жылғы 5 қазанда Қаржы министрлігі Қайтарылған активтерді басқару қағидаларын бекітті. Қағидалар активтерді қабылдау, бағалау, басқару, өткізу және оларды сатудан түскен қаражатты Арнайы мемлекеттік қорға аудару тәртібін белгіледі.

Практикалық тәжірибе жинақталған сайын заңнама да жетілдірілді. 2024 жылғы 4 қазанда активтерді басқару қағидаларының жаңа редакциясы қабылданып, активтерді пайдалану тетіктері кеңейтілді, рәсімдердің ашықтығы арттырылды және сауда-саттық өткізу тәртібі жетілдірілді. Бұл қайтарылған мүлікті тиімді басқаруға және оны өткізудің нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС қайтарылған активтерді қабылдаудан бастап оларды басқару және сатуға дейінгі барлық процесті жүзеге асырады. Активтерді басқару мен сатудан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, Үкіметтің шешімімен еліміздегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Осылайша, мемлекетке қайтарылған активтер қоғам игілігіне қызмет етеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...