Түркістан қаласында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президенті қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен 2026 жыл «Балалардың құқын қорғау жылы»болып жарияланып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан балалары» бірыңғай ұлттық бағдарламасы іске асырылуда.
Одан бөлек Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 мен 19 шілде аралығында түркістан облысында «Қауіпсіз үй» іс-шарасы басталды.
Аталған іс-шара аясында Түркістан қалалық полиция басқармасының Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары профилактикалық іс-шаралар өткізді.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы барысында аға инспектор, полиция майоры Қайырбекова Айсұлу, полиция аға лейтенанты Құттыбаева майраның бастамасымен Рейдтік тексеру ұйымдастырылып. Оған ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ердаулет Перне, «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологі Нұрболған Сұлтан мен әлеуметтік қызметкері Сұлтанова Камшат және де «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Піржанова Әлия қатысты.
Сонымен бірге, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қызметкерлерініңқатысуымен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу , қауіп-қатер тобындағы отбасылармен жұмысты жетілдіру, балалардың құқықтарын қорғау және ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.
Қауіпсіз үй» іс-шарасының негізгі мақсаты: білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, қоғамдық даму (ақпарат) басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, блогерлердің, еріктілердің, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар мүшелерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдерін және полицияның қосымша күштері мен құралдарын тарта отырып, қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды (отбасыларды) (әрі қарай – ҚӨЖ) анықтауға баса назар аудара отырып, мақсатты іс-шараларды өткізу жоспарын бекіту, елді мекендерді аулалық аралау бойынша қамтамасыз ету, бұл ретте саяжай массивтеріне, құрылыс нысандарына, жалға берілетін пәтерлерге, шаруа қожалықтарына, шалғай және өзге де күмәнді жерлерге, үй-жайларға ерекше назар аудара отырып, заңнама бұзушылық фактілерін, сондай-ақ ҚӨЖ тапқан тұлғаларды (отбасыларды) анықтау, іс-шара барысында ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды аралап, олардың арасынан ҚӨЖ тапқан тұлғаларды (отбасыларды) анықтауды ұйымдастыру, анықталған қиын өмірлік жағдайдағы (ҚӨЖ) тапқан тұлғалар (отбасылар) туралы мәліметтерді соңғыларына әлеуметтік көмекті уақтылы көрсету мақсатында «FSM Social» мобильді қосымшасына енгізуді қамтамасыз етумен қатар іс-шараны БАҚ пен әлеуметтік желілерде күнделікті кеңінен жариялауды ұйымдастыру болып табылады.
Майра ҚҰТТЫБАЕВА,
Түркістан ҚПБ ҚҚБ-ның ОТЗЗҚКБ-нің инспекторы полиция аға лейтенанты
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары