Мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен заңдылық – басты талап — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен заңдылық – басты талап

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен әкімдік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен заңдылық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мәселелері талқыланып, кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысы қаралды.

Отырыс барысында қала әкімі мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен заңдылық қағидаттарын қатаң сақтау, азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау, бюджеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, тұрғындардың салықтық сауаттылығын арттыру, көлеңкелі экономиканың зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысында барлық жауапты бөлімдерге берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алып, мемлекеттік қызметте ашықтық, адалдық және заң талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...