«Әділет» партиясының сайлауалды кездесулері Түркістан облысынан басталды. Бір күн ішінде партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар педагогтермен, медицина қызметкерлерімен, қолөнершілермен, зиялы қауым және қоғам белсенділерімен, туризм мен спорт саласының өкілдерімен, шаруалармен және басқа да тұрғындармен бірқатар кездесу өткізеді.
Іссапар Түркістан қаласындағы Конгресс-холлда зиялы қауым және қоғам өкілдерімен өткен басқосудан басталды. Жиында сөз сөйлеген «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Түркістан облысының ел үшін айрықша маңызын айтып, өңір тұрғындарымен ашық диалог құрудың мәніне тоқталды.
«Түркістан – рухани әрі экономикалық әлеуеті зор өңір. Бүгінгі ашық диалог халықтың оң өзгерістерге деген сенімінің жоғары екенін көрсетті. Біз бұл жерге уәде тарату үшін емес, халықты тыңдап, нақты жұмыс істеу үшін келдік. Кентау, Арыс, Сауран және Түркістан тұрғындары көтерген әрбір өзекті мәселе біздің жеке бақылауымызда болады», — деді Айбек Дәдебай.
Партия төрағасының айтуынша, «Әділет» партиясының тарихи жауапкершілігі – Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларын қолдап, оларды қоғаммен бірлесіп іске асыруға үлес қосу.
Кездесуде партия төрағасының орынбасары, Құрылтай депутаттығына кандидат Рауан Кенжеханұлы «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, құжат 7 негізгі мақсат пен 10 басым бағыттан тұрады. Бағдарлама адами капиталды дамытуға, өңірлерді қолдауға, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, цифрлық трансформацияға, экономиканы өркендетуге және әлеуметтік саясатты жетілдіруге бағытталған.
«Біздің бағдарламаның өзегінде қарапайым қағида жатыр: басты орында адам, оның қадір-қасиеті, әл-ауқаты және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігі тұруы тиіс. Біз әр азамат өз еңбегі, білімі мен жауапкершілігінің арқасында табысқа жете алатын мүмкіндіктер экономикасын қалыптастырғымыз келеді», — деді Рауан Кенжеханұлы.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Олар елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру, жолдарды жөндеу, жайылым және суармалы жер тапшылығы, жұмыссыздық деңгейін төмендету, сондай-ақ шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне қатысты болды.
Өтініштерді қарауға Республикалық сайлауалды штаб құрамындағы Құрылтай депутаттығына кандидаттар да қатысты. Олардың қатарында «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров, ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаттары Асхат Аймағамбетов, Унзила Шапақ және басқа да кандидаттар бар.
Тұрғындардан түскен барлық ұсыныс пен өтініш Республикалық сайлауалды штабтың алдағы жұмысы үшін тіркеуге алынды.
Кездесу соңында Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттерді табыстады.
➖
Айбек Дадебай: «Каждый вопрос жителей Туркестанской области будет находиться под нашим контролем»
Предвыборные встречи партии «Әділет» в регионах стартовали с Туркестанской области. В течение дня кандидаты в депутаты Курултая во главе с председателем партии Айбеком Дадебай проведут ряд встреч с педагогами, медицинскими работниками, ремесленниками, представителями интеллигенции и общественности, туристической отрасли и спорта, аграриями и другими.
Визит начался со встречи с представителями интеллигенции и общественности в Конгресс холле города Туркестан. В своем выступлении председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай отметил особое значение Туркестанской области и подчеркнул важность открытого диалога с жителями региона.
«Туркестан – регион с высочайшим духовным и экономическим потенциалом. Сегодняшний открытый диалог продемонстрировал главное – глубокую веру людей в позитивные перемены. Мы пришли сюда не раздавать обещания, а слушать и работать. Каждый острый вопрос, поднятый жителями Кентау, Арыса, Саурана и самого Туркестана, будет находиться под нашим личным и строжайшим контролем», – обратился Айбек Дадебай.
По словам председателя, историческая ответственность партии «Әділет» заключается в поддержке реформ Главы государства, направленных на построение Справедливого Казахстана, и содействии их реализации вместе с обществом.
Предвыборную программу партии «Әділетті болашақ үшін» участникам встречи представил заместитель председателя партии, кандидат в депутаты Курултая Рауан Кенжеханулы. Он отметил, что документ включает 7 флагманских целей и 10 ключевых приоритетов, и ориентирован на развитие человеческого капитала, поддержку регионов, укрепление принципа «Закон и Порядок», цифровую трансформацию, развитие экономики и совершенствование социальной политики.
«В основе предлагаемой нами программы лежит простой принцип: в центре должен быть человек, его достоинство, благополучие и возможность реализовать себя. Мы стремимся построить экономику возможностей, в которой каждый сможет добиться успеха благодаря своему труду, знаниям и ответственности», – подчеркнул Рауан Кенжеханулы.
Жители региона задали волнующие их вопросы. Они касались обеспечения населенных пунктов питьевой водой, газификации, ремонта дорог, дефицита пастбищных и поливных земель, снижения уровня безработицы, а также совершенствования механизмов государственной поддержки малого и среднего бизнеса.
В рассмотрении обращений приняли участие кандидаты в депутаты Курултая от партии «Әділет», входящие в состав Республиканского предвыборного штаба, в том числе генеральный директор ТОО «Қазақ газеттері», академик НАН РК Дихан Камзабекулы, управляющий Международным финансовым центром «Астана» Ренат Бектуров, экс-депутаты Мажилиса Парламента РК Асхат Аймагамбетов, Унзила Шапак и другие.
Все поступившие обращения и предложения жителей были зарегистрированы для дальнейшей проработки Республиканским предвыборным штабом партии. В завершение встречи Айбек Дадебай вручил партийные билеты новым членам партии «Әділет».
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары