«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысының кәсіпкерлер қауымдастығы және аграрлық сектор өкілдерімен кездесті. Басқосуда отандық өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және экспорттық әлеуетті кеңейту мәселелері талқыланды.
Алғашқы кездесу SPK Turkistan индустриялық паркіндегі Turan Su кәсіпорнының аумағында өтті. Оған өндірістік кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, инвесторлардың, логистикалық компаниялар мен индустриялық парктердің өкілдері қатысты. Жиын барысында партияның бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға, отандық өндірісті қолдауға және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды.
Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартуда заң үстемдігі, әділ қағидалар және болжамды бизнес-ортаның маңызына тоқталды. Снежанна Имашева мемлекет пен бизнес арасындағы ашық әрі сенімді қарым-қатынастың маңызын атап өтіп, кәсіпкерлікке тұрақты жағдай жасалмайынша экономиканың орнықты дамуы мүмкін еместігін айтты. Ал сайлауалды штаб мүшесі Елдар Жұмағазиев тарифтер мен төлемдер өзгерген кезде өтпелі кезең енгізу, сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі бизнесті қолдау шараларын кеңейту жөніндегі партияның ұсыныстарын таныстырды.
Күннің екінші жартысында штаб өкілдері Отырар ауданындағы «Таймас 2024» шаруашылығының базасында шаруа қожалықтарының басшыларымен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және аграрлық сектор өкілдерімен кездесті. Онда азық-түлік қауіпсіздігі, ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және отандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері сөз болды.
Кездесу барысында аграршылар қаржыландыру, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, қайта өңдеу өндірістерін дамыту, сумен қамтамасыз ету және саланы цифрландыру мәселелерін де көтерді.
Жиынды қорытындылаған «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай экономика мен ауыл шаруашылығы салаларындағы шешімдерді әзірлеу кезінде кәсіпкерлер мен аграршылармен тұрақты диалог жүргізудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бастамалардың бірі – агроөнеркәсіп кешеніне арналған мемлекеттік сервистерді бір цифрлық экожүйеге біріктіретін E-АӨК бірыңғай цифрлық платформасын құру. Бұл платформа фермерлерге бір ғана жеке кабинет арқылы жер, су, субсидиялар, ветеринариялық бақылау, өндіріс және өзге де мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады. «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы тұрғындармен, кәсіпкерлермен, аграрлық сектор өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және қоғам белсенділерімен кездесу өткізіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.
➖
Партия «Әділет» предлагает создать единую цифровую платформу для агропромышленного комплекса
Республиканский предвыборный штаб партии «Әділет» провел встречи с представителями предпринимательского сообщества и аграрного сектора Туркестанской области. Участники обсудили вопросы развития отечественного производства, поддержки малого и среднего бизнеса, модернизации агропромышленного комплекса и расширения экспортного потенциала.
Первая встреча прошла на территории предприятия Turan Su в индустриальном парке SPK Turkistan. В ней приняли участие представители производственных предприятий, малого и среднего бизнеса, инвесторы, представители логистических компаний и индустриальных парков. Участникам представили ключевые положения предвыборной программы партии, направленные на развитие конкурентной экономики, поддержку отечественного производства и создание благоприятных условий для предпринимательства.
Кандидат в депутаты Курултая Ренат Бектуров обратил внимание на значение верховенства закона, справедливых правил и предсказуемой деловой среды для развития предпринимательства и привлечения инвестиций. Снежанна Имашева отметила важность прозрачных отношений между государством и бизнесом, подчеркнув, что устойчивое развитие экономики невозможно без доверия и стабильных условий для предпринимательской деятельности. Член предвыборного штаба Эльдар Жумагазиев представил предложения партии по введению переходного периода при изменении тарифов и платежей, а также расширению мер поддержки бизнеса в малых городах и сельской местности.
Во второй половине дня представители штаба встретились с руководителями крестьянских хозяйств, сельхозтоваропроизводителями и представителями аграрного сектора на базе хозяйства «Таймас 2024» в Отырарском районе. Участники обсудили вопросы продовольственной безопасности, модернизации ирригационной инфраструктуры, внедрения водосберегающих технологий, развития переработки сельскохозяйственной продукции и расширения экспортных возможностей отечественных производителей.
Аграрии также подняли вопросы финансирования, совершенствования механизмов государственной поддержки, развития перерабатывающих производств, водообеспечения и цифровизации отрасли.
Подводя итоги встреч, председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай отметил важность постоянного диалога с предпринимателями и аграриями при выработке решений в сфере экономики и сельского хозяйства. Он подчеркнул, что одним из предложений предвыборной программы партии является создание единой цифровой платформы Е-АПК, которая объединит государственные сервисы для агропромышленного комплекса в единую цифровую экосистему. Платформа позволит фермерам через единый личный кабинет получать доступ к сведениям о земле, воде, субсидиях, ветеринарном контроле, производстве и другим государственным сервисам.
Подобные встречи продолжатся и в других регионах страны. Представители Республиканского предвыборного штаба партии «Әділет» проведут встречи с жителями, представителями бизнеса, аграрного сектора, трудовых коллективов и общественности для обсуждения актуальных вопросов социально-экономического развития регионов.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары