1 тамыздан бастап «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беруге өтінімдер қабылдау басталады — Xnews — ақпарат агенттігі

1 тамыздан бастап «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беруге өтінімдер қабылдау басталады

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 1 тамыздан бастап «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсқа өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты отандық компанияны және оның жоғары сапалы өнімдерін «Ұлы дала елі» қолшатыр брендімен тауарларды экспорттау кезінде ынталандыру және позициялау, елдің шетелде танылуын арттыру болып табылады.

«Ұлы дала елі» қолшатыр бренді халықаралық нарықтарда Қазақстан брендін ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне табыс етіледі.

Конкурсқа қатысушылар келесі критерийлерге сай болуы керек:
— өнімнің бір түрін өндірудің жалпы көлемінің кемінде 10% көлеміндегі экспорт үлесі;
— өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстардың жалпы өзіндік құнындағы тауарларды өндіру, қызметтер көрсету кезіндегі елішілік құндылық үлесі (кемінде 30%);
— халықаралық бизнес-қоғамдастықтарға мүшелік;
— лицензиялардың, рұқсаттардың, патенттердің болуы;
— халықаралық наградалардың, дипломдардың болуы;
— сауда маркасының танылуы, ұсынылған портфолио бойынша компанияның оң имиджі (құпталады).

Конкурсқа келесі кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады:
1. қызметті нарықта кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2. тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;
3. жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын;
4. өтінімде дұрыс мәліметтер көрсеткен.

Конкурс өткізу тәртібі:
Өтінімдерді қабылдау https://altynsapa.kz/ ресми сайтында онлайн режимінде 2026 жылғы 1 тамыздан 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей салтанатты түрде өткізіледі.
___

С 1 августа стартует прием заявок на присуждение права использования зонтичного бренда «Ұлы дала елі»

Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» сообщает, что с 1 августа стартует прием заявок на конкурс по присуждению права использования зонтичного бренда «Ұлы дала елі».

Основной целью конкурса является стимулирование и позиционирование отечественной компании и её продукции высокого качества под зонтичным брендом «Ұлы дала елі» при экспорте товаров, повышение узнаваемости страны за рубежом.

Зонтичный бренд «Ұлы дала елі» вручается лучшим отечественным товаропроизводителям Казахстана, продвигающим бренд Казахстана на международных рынках.

Участники Конкурса должны соответствовать следующим критериям:
— доля экспорта в объеме не менее 10% от общего объема производства одного вида продукции;
— доля внутристрановой ценности при производстве товаров, оказании услуг (не менее 30%) в общей себестоимости произведённой продукции или выполненных работ;
— членство в международных бизнес-сообществах;
— наличие лицензий, разрешений, патентов;
— наличие международных наград, дипломов;
— узнаваемость торговой марки, положительный имидж компании по представленному портфолио (приветствуется).

В Конкурсе могут принять участие субъекты предпринимательства, которые:
1. осуществляют деятельность на рынке не менее трех лет;
2. не находятся в стадии ликвидации, не признаны банкротом;
3. не являются недропользователями;
4. указали достоверные сведения в заявке.

Порядок проведения Конкурса:
Приём заявок осуществляется онлайн на официальном сайте https://altynsapa.kz/ с 1 августа по 1 октября 2026 года.

Церемония награждения победителей проводится в торжественной обстановке не позднее 31 декабря текущего года.

Конкурс «Адал Азамат» предоставляет предпринимателям возможность продемонстрировать свою приверженность принципам устойчивого развития, честного ведения бизнеса и социальной ответственности, а также получить общественное признание за вклад в развитие общества.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...