Шымкентте ақылды бағдаршамдар адам өмірін сақтауға көмектеседі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте ақылды бағдаршамдар адам өмірін сақтауға көмектеседі

Шымкент қаласында енгізілген Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) жедел жәрдем көліктерінің қозғалысына басымдық беруді қамтамасыз етіп, осылайша науқастарға шұғыл көмек көрсетуге оң әсерін береді.

Қазіргі таңда 5 реанимациялық жедел жәрдем көлігі ITS жүйесімен байланыстырылған трекерлермен жабдықталған. Арнайы шақыртуға шыққан көлік жол қиылысына жақындағанда жүйе автоматты түрде бағдаршамдарды басқарып, көліктің бағыты бойынша «жасыл дәліз» қалыптастырады.

Бұл жедел жәрдем бригадаларының оқиға орнына уақтылы жетуіне мүмкіндік беріп, адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.

Бүгінде ITS жүйесі қаладағы 354 бағдаршам нысанын қамтып отыр. Жүйе көлік ағынын нақты уақыт режимінде сараптап, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Анықтама

Бұл жүйе көлік қозғалысын талдауға және алдын ала болжам арқылы тиімділікті арттырып, кептелістерді азайтуға бағытталған. «ITS» жүйесі арнайы алгоритмдер мен датчиктердің көмегімен жолдағы жағдайды қадағалап, дәл сол сәтте талдау жүргізеді. Жүйе көлік қозғалысын оңтайландыру бойынша ұсыныстар беріп отырады, кептелістер мен апаттардың алдын алу шаралары жасалады, сондай-ақ жүргізушілерге жолдағы өзгерістер мен қауіптер туралы ескертеді.

«ITS» жүйесі жылдамдықты реттеу, ереже бұзған жүргізушілерге ескерту беру функция­ларын да қамтиды. Бұл жүйе дәл сол сәтте жол жағдайына бай­ланысты жылдамдық шектеулерін дина­микалық түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар интеллектуалды бағ­даршамдар мен жол белгілері жүргі­зу­шілерге жол қозғалыс жағдайын хабарлап, қозғалысты реттеуге көмек­теседі. Жүйе көлік қозғалысының қауіп­сіз­дігін күшейтуге де бағытталған. «ITS» құрамына кіретін өте сезімтал камералар мен датчиктер жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылайды.

«ITS» жүйесі төтенше жағдайларды басқару, жедел әре­кет ету қағидат­тарына да негіз­дел­ген. Ол «бір платформа + екі стан­дарт­тар жиынтығы + бес қолдан­балы жүйе» тәсілін қолданады, бұл жол-көлік жағ­дайларын нақты диаг­ности­калауға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және қоғамдық көлік жұмысының тиімділігін арттырады.

Айта кетейік, бұл жоба «Smart City» аясында жүзеге асырылып жатыр. Ақылды қала тұжырымдамасында қауіпсіздік, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық, білім, денсаулық сақтау салаларына басымдық берілген.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...