Шымкент: Бастауыш ардагерлер ұйымы – қариялардың ғана емес, қоғамның да тірегі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Бастауыш ардагерлер ұйымы – қариялардың ғана емес, қоғамның да тірегі

Қоғамның берекесі мен бірлігі ең алдымен үлкенге құрмет, қарияға ізет көрсетуден басталады. Өмір көрген, ел ішінде абырой-беделге ие ақсақалдардың ақылы мен тәжірибесі қай кезде де қоғам үшін құнды. Осы тұрғыдан алғанда ардагерлер ұйымдарының атқарып отырған жұмысы ерекше маңызға ие. Шымкент қаласының Қызылжар шағын ауданында өткен қалалық ардагерлер кеңесінің бастауыш ұйымдарына арналған семинар-кеңес осының айқын дәлелі болды.

Тағылымды басқосуға бастауыш ұйым төрағалары мен белсенді ардагерлер қатысып, өзара тәжірибе алмасып, ұйым жұмысын одан әрі жетілдірудің жолдарын талқылады.

Семинарға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Асылбек Асқар арнайы қатысып, ұйымдардың алдағы міндеттері мен бағыт-бағдарына тоқталды.

Оның айтуынша, бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысын жандандыру мәселесі биыл сәуір айында өткен қалалық ардагерлер кеңесінің конференциясында арнайы қаралып, тиісті қаулы қабылданған. Құжатта аудандық ардагерлер кеңестері жанындағы бастауыш ұйымдардың қызметін жүйелеу, құжат жүргізу тәртібін біріздендіру, ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпақ тәрбиесіне тиімді пайдалану және қоғамдық жұмыстардағы қариялардың белсенділігін арттыру міндеттері белгіленген. Қызылжар шағынауданында ұйымдастырылған бұл семинар сол бастамалардың нақты іске асып жатқанын көрсетеді.

– Абай ауданында 220 мыңнан астам ардагер бар. Олар 29 бастауыш ардагерлер ұйымына топтасқан. Бастауыш ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын ардагерлеріміз белсенділік танытып келеді. Сонымен қатар бастауыш ұйымдардың жанынан аналар мектептері жұмыс істейді, – дейді Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшен.

«Шымкент келбеті»

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...