Қала күні: Шымкентте «Шымқала» этноауылының бірінші кезеңі ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қала күні: Шымкентте «Шымқала» этноауылының бірінші кезеңі ашылды

Қала күніне орай ұйымдастырылған «Этно-Шымкент» фестивалі аясында Шымкент қаласында «Шымқала» этноауылының бірінші кезеңінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мегаполис тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жаңа мәдени-туристік кешен жеке инвестордың қаржысы есебінен салынған. Жоба қаланың туристік тартымдылығын арттыруға, ұлттық мұраны сақтауға және заманауи шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталған. «Шымқала» этноауылы ұлттық дәстүрлер мен қазіргі мәдени қызмет түрлері үйлесімді тоғысқан бірегей кеңістік болып табылады.

Кешен көрмелер, шеберлік сабақтарын, шығармашылық кездесулер, концерттер және қаланың мәдени ортасын дамытуға ықпал ететін басқа да іс-шараларды өткізуге арналған алаңға айналады. Оның аумағында дизайнерлердің, қолөнершілердің, суретшілердің, музыканттардың және креативті индустрия өкілдерінің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.

Мұнда олар өз жобаларын таныстырып, тәжірибе алмасады, жаңа идеяларын жүзеге асыра алады. Сонымен қатар жас таланттарды қолдауға және олардың кәсіби тұрғыда дамуына ерекше көңіл бөлінеді.

Кешеннің қызметі өскелең ұрпаққа да бағытталған. Балалар мен жастар үшін ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді және рухани құндылықтарды насихаттайтын танымдық, білім беру және интерактивті бағдарламалар тұрақты ұйымдастырылып отырады.

Жобаның бірінші кезеңі аясында ашық концерт алаңы, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, ұлттық тағамдар мейрамханасы, кәдесый дүкендері мен қолөнер бұйымдарына арналған павильондар пайдалануға берілді.

Жобаны жүзеге асыру жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Екінші кезеңде өңірдегі ең үлкен киіз үйді салу жоспарланған. Ол кешеннің басты көрікті орындарының біріне айналмақ. Сонымен қатар, қосымша алты киіз үйден тұратын этноауыл аймағы құрылмақ.

Осылайша «Шымқала» этноауылының бірінші кезеңінің ашылуы Шымкенттің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту жолындағы кезекті қадам болып отыр. Жаңа нысан мегаполистің туристік әлеуетін кеңейтіп, мәдени тәжірибе алмасуға қосымша мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындар мен қала қонақтарына демалыс, шығармашылықпен айналысу және ұлттық дәстүрлермен танысу үшін заманауи кеңістік ұсынады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...