Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі түсіндірілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы төрағалығымен қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік наградалар мен рәміздердің заңды қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме отырысы өтті.

Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды.

Негізгі талаптар мен шектеулер:

Қоғамдық бірлестіктер тарапынан мемлекеттік наградаларға атауы немесе сыртқы келбеті бойынша толықтай немесе ішінара ұқсас ордендер мен медальдарды, төсбелгілерді тағайындауға және дайындауға заңмен тыйым салынады.

Мемлекеттік емес наградалармен Қазақстан Республикасының, халықтың немесе Мемлекет басшысының атынан марапаттауға жол берілмейді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік наградаларға ұқсас белгілерді дайындау мен өткізудің заңсыздығы, сондай-ақ бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 674-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

​Мемлекеттік рәміздер мен наградалар — елдігіміздің беделі. Олардың қадірін түсіруге және коммерцияландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында қоғамдық наградалармен және өзге де атақтармен марапаттау шараларын өткізуге тыйым салынатыны ескертілді.

Xnews: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Ту көтеру салтанатында «Қасиетті нышандарымызда қазақтың мыңжылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді. Ал, өткен ғасырда арыстарымыз «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп халыққа жігер берді. Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті. Қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсысымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы» деген болатын. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, мемлекеттік рәміздеріміздің маңыздылығы жоғары екендігіне ешкімнің де таласы болмаса керек.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...