Мемлекеттік рәміздер – елдің мақтанышы — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекеттік рәміздер – елдің мақтанышы

Бүгін А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – елдің мақтанышы» атты танымдық кеш өтті.

Тағылымды шараның басты мақсаты – оқырмандарға мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын кеңінен насихаттау, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тәуелсіз еліміздің тарихы мен құндылықтарына деген құрметті арттыру.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып шығумен басталды. Қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды орындап, ел рәміздеріне деген құрметтерін білдірді. Кеш барысында мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы мен олардың ел өміріндегі орны туралы бейнематериалдар көрсетіліп, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кездесуге арнайы шақырылған М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызына тоқталып, олардың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады. Ғалым өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің елдік сананы нығайтып, ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше маңызын атап өтті.

Кеш аясында патриоттық әндер мен күйлер орындалып, қатысушылар арасында «Мемлекеттік рәміздер – елдің мақтанышы» тақырыбында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан жастар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында ұйымдастырушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, көпшілік елге кеңінен танымал «Атамекен» әнін бірге орындады. Кеш естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің айшықты белгілері, ұлттық бірлігіміздің символдары. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтып, туған елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...