Бақтияр Тайжанға «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Бақтияр Тайжанға «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директорының орынбасары, белгілі журналист Бақтияр Тайжанға берілді.

Аталған марапат бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері және отандық журналистиканың өркендеуіне сіңірген еңбегі үшін табысталды.

Бақтияр Тайжан ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында нәтижелі еңбек етіп, қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді коммуникацияны қалыптастыруға, өңірлік журналистиканың сапасын арттыруға және ақпараттық саясатты жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Оның кәсіби тәжірибесі мен шығармашылық еңбегі әріптестері мен қоғам тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Бұл марапат – журналистің көпжылдық еңбегіне көрсетілген құрмет пен кәсіби қызметінің жоғары бағалануының айғағы.

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС ұжымы Бақтияр Байдуллаұлын мәртебелі марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс, зор денсаулық және кәсіби қызметіне толағай жетістіктер тілейді.

«Шымкент келбеті»

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...