Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында азық-түлік өнімдерін өндіру және өткізу барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына арналған жұмыс кездесуі өтті. Жиынға өңірдегі кәсіпкерлер, тамақ өндірісі саласының өкілдері мен жауапты мамандар қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-83 бұйрығымен бекітілген «Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне, кондитерлік өнімдерді өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары кеңінен түсіндірілді.

Жиында тамақ дайындау, аспаздық және кондитерлік өнімдерді әзірлеу кезінде фортификацияланған ұнды пайдалану талаптары жан-жақты қарастырылды.

«Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі – халық денсаулығын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі. Сондықтан кәсіпкерлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы қажет. Бұл талаптарды орындау өнім сапасын арттырып қана қоймай, тұтынушылардың сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімінің сарапшысы Абибулла Бексұлтан Амангелдіұлы.

Сонымен қатар жаз мезгілінде балмұздақ сататын сауда нүктелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселесі талқыланды. Балмұздақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде температуралық режимді қамтамасыз ету, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, тұтынушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған талаптарды сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, жылдам даярланатын тағам өнімдерін өндіретін орындарда (фаст-фуд) санитариялық талаптарды сақтау, өндірістік бақылауды күшейту, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер көтерілді.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...