«Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына қатысуға шақырамыз! — Xnews — ақпарат агенттігі

«Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына қатысуға шақырамыз!

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өткізілетін өңірлік «Адал кәсіпкер» байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау номинациялары:
• «Үлгілі салық төлеуші»
• «Әлеуметтік жауапты бизнес»
• «Қауіпсіз өндіріс»
• «Ашық бизнес»

Байқауға кімдер қатыса алады?
* Түркістан облысында кемінде 2 жыл тұрақты қызметін жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлер;
* Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ субъектілер;
* Еңбек заңнамасының талаптарын сақтайтын кәсіпкерлер.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 31 шілдеге дейін.

Қатысу үшін өтінімді Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасына немесе аудандық және қалалық филиалдарға тапсыруға болады.

Адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстанатын кәсіпкерлерді байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...