Үздік құмай тазылар анықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Үздік құмай тазылар анықталды

Шымкентте ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше спорттық-мәдени іс-шара өтті. Шымкент қаласы әкімдігі, AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен алғаш рет құмай тазылар арасында ашық біріншілік ұйымдастырылды. Бұл жарыс – қазақтың байырғы саятшылық дәстүрін жаңғыртып, ұлттық ит тұқымдарының қадір-қасиетін насихаттауға бағытталған маңызды бастама.

Шымкент қаласының құмай тазылар арасындағы ашық біріншілігіне еліміздің 18 өңірінен іріктеліп алынған ең жүйрік, ең таңдаулы 36 құмай тазы қатысты. Бұл – тек жарыс қана емес, тазы баптау мәдениетін, саятшылық өнерді және ата-баба мұрасын кеңінен танытатын тағылымды алаң.

Ашық біріншілік Шымкент қаласында құмай тазы спортының дамуына жаңа серпін берді. Көрермендер үшін де бұл жарыс ерекше әсер сыйлайтын, тартысты әрі қызықты дода болды.

Сонымен, қаладағы жаңа атшабар аумағында өткізілген сайыста үздік шыққан тазылар анықталды. Алматы облысынан келген Айдын Құдайбергеновтың “Сылдыр” атты тазысы бәрінен оза шауып, жеңімпаз атанды. Екінші орынға Алматы қаласының өкілі Мәулен Жексенбінің, үшінші орынға Алматы облысының тағы бір өкілі Нуридин Сайлаудың тазысы ие болды. Жеңімпаз және жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов алғашқы сайыс жоғары деңгейде өткізілгенін, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға зор үлес қосқанын атап өтті.

«Шымкент келбеті»

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...