Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау жұмыстары күшейтілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау жұмыстары күшейтілді

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2026 жылдың алғашқы 3 айында мемлекеттік сатып алу саласында ауқымды камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Департамент мәліметінше, жалпы сомасы 163,5 млрд теңгені құрайтын 8503 мемлекеттік сатып алу рәсімі бақылаудан өткен. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 25,3 млрд теңгеге тең бұзушылық фактілері анықталды.

Анықталған кемшіліктер бойынша 795 хабарлама жолданып, оның 775-і орындалған. Ал 20 хабарлама белгіленген мерзімде немесе тиісті деңгейде орындалмағандықтан, аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, департаментке азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы – e-Otinish арқылы заңды және жеке тұлғалардан түскен 117 шағым қаралған.

Аталған мәліметтер Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында айтылды.

Толығырақ: https://youtube.com/live/0g2OqIJsqYY

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...