Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Түркістан облысында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат — Xnews — ақпарат агенттігі

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Түркістан облысында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 20-24 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Раздыкова Гульназ Максутовна – сарапшы, РАТТ мүшесі, Халықов Медет Мұзапбарұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры, Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы — дін істері басқармасының діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы – «Ақниет» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Дәстүрлі дін және жат көзқарастар», «Деструктивті және экстремистік ұйымдар жақтаушыларының рухани-психологиялық портреттерінің өзгешеліктері», «Дін және терроризм: бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар», «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі», «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары және адамның ар-ождан мен дін бостандығына құқығы», «Қазақ жастарының бей ресми шет елдік теологиялық оқу орындарына кету себептері және оның зардаптары» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар және т.б. тұрғындар қамтылды.

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...