Келес өңірінде іскер әйелдер форумы өтті: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер — Xnews — ақпарат агенттігі

Келес өңірінде іскер әйелдер форумы өтті: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында іскер әйелдер форумы өтті. Іс-шара өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, тәжірибе алмасу және заманауи технологияларды бизнесте тиімді пайдалану мәселелерін талқылауға арналды.

Форумға мемлекеттік органдар өкілдері, қаржы институттары, кәсіпкерлер және өңірдің белсенді іскер әйелдері қатысты. Жиынды Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салааралық кеңесінің мүшесі Мөлдір Каржаулова жүргізді.

Іс-шара барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, сондай-ақ Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына тоқталды.

Өз сөзінде Асылан Ибадуллаев өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі жоғары екенін атап өтті. Бүгінде Түркістан облысында 208 мыңнан астам кәсіпкер тіркелсе, оның 94 мыңнан астамы – әйелдер. Бұл жалпы кәсіпкерліктің 45 пайыздан астамын құрайды.

Сонымен қатар, халықаралық жобаларға да ерекше назар аударды. Атап айтқанда, «Микробизнестегі әйелдер» және «Бір ауыл – бір өнім» жобалары аясында көптеген әйелдер өз кәсібін бастап, табысты дамытып келеді. Бұл жобалар ауыл әйелдерінің экономикалық белсенділігін арттыруға үлкен мүмкіндік беруде.

Форумның негізгі тақырыбы – бизнестегі жаңа технологиялар болды. Бұл ретте жасанды интеллекттің мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

«Бүгінгі таңда жасанды интеллект тек технология емес, бизнестің дамуына серпін беретін маңызды құралға айналды. Ол клиенттермен тәулік бойы жұмыс істеуге, процестерді автоматтандыруға, шығындарды азайтуға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді» – деді Палата директоры.

Оның айтуынша, алдағы жылдары цифрландыру мен ІТ саласының қарқынды дамуы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондықтан кәсіпкерлерге заманауи технологияларды тиімді пайдалану маңызды.

Форум барысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша бірқатар баяндамалар жасалып, кәсіпкерлерге қаржыландыру, несиелеу және қолдау құралдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерінен құралған шағын көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында бірқатар кәсіпкерлер марапатталып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...