Ішкі мемлекеттік аудит: Шымкентте қаржылық бақылау жұмыстары жүйелі жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Ішкі мемлекеттік аудит: Шымкентте қаржылық бақылау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың І тоқсанындағы қызмет қорытындысын жариялады. Есепті кезеңде департамент тарапынан жалпы 19 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Оның 3-і жоспарлы, 16-сы жоспардан тыс аудиттер болды.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 45,8 млрд теңгені құрады. Тексеру нәтижесінде 43,3 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 14,3 млрд теңге болса, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 29 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтардың көлемі 28,9 млрд теңгеге жеткен.

Департамент мәліметінше, жүргізілген 19 аудиттің 14-інде қаржылық бұзушылықтар анықталған. Бұл ретте бюджет қаражатын негізсіз пайдалану фактілерінің үлесі 74 пайыз болған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 24,7 млн теңге өтеліп, 12,3 млрд теңге қалпына келтірілген. Сонымен қатар бухгалтерлік есепке алу арқылы 21,9 млн теңге өндірілген. Жалпы орындалу көрсеткіші 87 пайызды құрады.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты 19 аудит объектісіне нұсқамалар жолданды. Қазіргі таңда олардың 9-ы толық орындалған. Сондай-ақ, аудит материалдары негізінде 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, 1,2 млрд теңге сомасындағы 3 аудит материалы құқық қорғау органдарына жолданып, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Есепті кезеңде 2 лауазымды тұлғаға 432,4 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, қаражат толықтай бюджетке өндірілген.

Толығырақ: https://youtube.com/live/0g2OqIJsqYY

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Яндекс.Погода
x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты

Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс ...

Әл-Фараби ауданы: Жол және аяқжол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Әл-Фараби ауданы аумағында жол сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2025 жылы Шымкент қаласының ...