Әл-Фараби ауданы: Жол және аяқжол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Әл-Фараби ауданы: Жол және аяқжол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Әл-Фараби ауданы аумағында жол сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

2025 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аудан аумағындағы 113 көшеге асфальт төсеу және жаңарту жұмыстары жүргізілген. Ал биыл тозығы жеткен 41 көшеге асфальт қабатын жаңарту жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда ауданда жалпы ұзындығы 137,3 шақырымды құрайтын 122 көшеде аяқжол бар. Өткен жылы 19 көшеге 12 шақырым аяқжол салынса, биыл 31 көшедегі аяқжолдарды жаңарту бойынша тиісті басқармаға ұсыныстар жолданған.

Сонымен қатар, ирригациялық арық жүйелерін орнату жұмыстары да жалғасуда. 2025 жылы ауданның 17 көшесіне арық жүйелері жүргізілген. Ағымдағы жылы тағы 30 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 26 мекенжайда арық жүйелерін салу жұмыстары атқарылып жатыр.

Толығырақ: https://youtube.com/live/YyzxMsmX2tQ

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Яндекс.Погода
x

Check Also

Ішкі мемлекеттік аудит: Шымкентте қаржылық бақылау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың І тоқсанындағы қызмет қорытындысын жариялады. Есепті кезеңде департамент тарапынан жалпы 19 ...

Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау жұмыстары күшейтілді

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2026 жылдың алғашқы 3 айында мемлекеттік сатып алу саласында ауқымды камералдық бақылау ...