«Заң қоғамның қорғаны» — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң қоғамның қорғаны»

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесуге жалпы саны 600-ге жуық жас қатысып, қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

Іс-шараның модераторы ретінде Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман сөз сөйлеп, заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығындағы маңызын атап өтті.

Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында:
– Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің штаб басшысы, полковник Тұрғынбай Дәурен Бөрібайұлы;
– Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, подполковник Бауыржан Қанатұлы Карбеков;
– Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Турлыби Нұрым Ұланұлы;
– «Миллион» жайдарман командасының мүшесі, блогер Мансар Орынхан болды.

Спикерлер заң талаптарын сақтау, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысының қоғамға зияны, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...