«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Дінслам Русланұлы Әлжан қатысып, құқықтық нормаларды сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, сталкинг және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіріп өтті.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...